aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкенттегі «Достық» үйі бірлік пен берекенің қарашаңырағы

30 сентября, 2023
in Uncategorized
0
Шымкенттегі «Достық» үйі бірлік пен берекенің қарашаңырағы
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Birgemiz Asylmura» жобасы аясында аудан жастары Шымкент қаласы Полиция департаментінің мұражайына экскурсия жасады. Мақсаты – болашақ жасөспірімдерге қаламыздағы белгілі орындар мен тарихи мекендерді кеңінен насихаттау.

Экскурсия барысында музейдің меңгерушісі жастарды полицияның қалыптасу тарихы, Ұлы Отан соғысының батырлары және ішкі істер органдарының ардагерлері туралы мәліметтермен таныстырды. Сонымен қатар, мұражай меңгерушісі келушілерге қызмет бабында қаза тапқан полиция қызметкерлерінің ерліктері туралы баяндап берді.

Сонымен қатар, Шымкент қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясының оқушыларымен ынтымақтастыққа бағытталған жиын өткізілді. Жиыннан соң қатысушылар ғимараттағы қалалық 17 этномәдени бірлестіктердің мұражайымен танысты. Әрбір этностың тарихи мұраларынан мол мағлұматтар алып, өзара ой бөлісті.

Жастар этномәдени бірлестіктер шығармашылық ұжымдарының концерттік қызметін белсенді түрде жүзеге асыруға, қала тұрғындарының өңірдегі сан алуан этнос өкілдерінің мәдениетімен етене танысуына мүмкіндік беретін 800 орындық залды аралап, тамсанып қайтты.

Шет елге қоныс аударған Штаки отбасын Шымкенттің шырайы қуантты. Бұл туралы 1990 жылдары Германияға қоныс аударған Штаки отбасы айтты. Шымкентке қыдырып келіп, шаһардың көрікті орындарында болған Штаки отбасы бүгін қаладағы «Достық» үйі ғимаратының тыныс-тіршілігімен танысты.

Кезінде «Қазақстан» кинотеатрында танысып, кейіннен шаңырақ көтергенін жеткізген Штаки отбасы өздерінің жастық шағы өткен шуақты шаһардағы бұл ғимараттың тоқырау жылдардың сынынан аман өтіп, заман талабына сай жаңғырғанына қуанышты екенін жеткізді.

«Достық» үйін аралап, этномұражай мен кезінде өздері танысқан залдағы орындықтарға отырып көрген Штаки отбасы жастық шағын еске алып, ерекше көңіл-күй сыйлаған орынның аурасына тамсанды.

Бүгінде Германияның Люнебург қаласында тұратын Штаки отбасы бұрын Шымкент облысының (бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Түркістан облысы) Қазығұрт және Шарапхана елді мекендерінде тұрғанын атап өтіп, Орта Азия елдеріне жасаған саяхаты аясында Шымкентке соғып, осындағы достарымен және кластастарымен кездесуге келгенін де айтып өтті.

Алдыңғы жаңалық

Шымкенттік жастарға мемлекеттік бағдарламалар насихатталды

Келесі жаңалық

Құқықтық сауаттылық – үлкен жауаптылық

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі