Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Қызды қырық үйден тиым» тақырыбында Шымкент мамандандырылған колледжінің студенттерінің арасында семинар-тренинг өтті.
Мақсаты — қыздардың өсіп дамуына қолайлы жағдай жасау және тәрбие үдерісінде психологиялық заңдылықтырды ескере отырып, интеллектуалдық потенциалдарын дамыту.
Семинар-тренингте отбасы құндылықтары жөнінде кеңінен сөз етіліп, қыз баласының отбасындағы рөлі жөнінде айтылды. Сондай-ақ, отбасы мен бала тәрбиелеудегі ата-ана рөлін қалыптастыратын бірнеше кеңестерге тоқталды. Психолог кездесу соңында психологиядағы бірнеше әдістемелерді қолдана отырып, жастармен кері байланыс орнатты.
Сонымен қатар, Абай ауданы жастар орталығының ұйымдастырумен Шымкент мамандандырылған колледж жастарына «Қыз тәрбиесі — ұлт тәрбиесі» тақырыбында кездесу өтті.
Мақсаты — қыздар қауымымен сырласа отырып, олардың тәрбиесіне көңіл бөлу, эстетикалық тәрбие беру, оларға салт – дәстүрді үйрету, еркін өз ойларын ашып айтуға баулу.
Іс-шараға №13 қалалық емхана гинеколог-дәрігері Мария Сапарбаевна келді, ол студенттерге қыз баласының отбасылық өмірде кездесуі мүмкін мәселелері жайлы айтты. Дәрігер қыздарға міндетті түрде жарты жылда бір рет медициналық тексеруден өтіп тұруға кеңес берді. Салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды насихаттады.
Студенттер гинеколог-дәрігерге әйел денсаулығы туралы өздерін ойландырып жүрген сұрақтар қойып, барлық сұрақтарына жауап алды.
Айта кетсек, Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Тәжірбиелі психологтың жұмыс бағыттары» аясында М.Әуезов атындағы университетінің Психология пәнінің жастары арасында кездесу өтті.
Бұл кездесу — жастар мен жасөспірімдердің психологиялық тұрғыдан мотивациясын калай көтеру керек және қажеттіліктерін қалыптастыруға арналды.
Жастар ресурстық орталығының психологы болашақ жас психологтарға сала бағытындағы кеңестер мен тәжірибесімен бөлісті.
1709 символ