Шымкент қаласындағы Еңбекші ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжде «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» тақырыбында кездесу өтті. Оған М.Ауезов атындаты ОҚУ Заң факультетінің Халықаралық қатынастар және Халықаралық құқық кафедрасынын меңгерушісі, Шымкент қаласының антикор сарапшысы Ермек Бекбосынов қатысты.
— Қоғамда заң үстемдігі орнауы үшін халықтың құқықтық мәдениетін жетілдірудің маңызы ерекше. Себебі, кей азаматтар осыдан опық жеп, заңды білмеуден зардап шегіп жатады. Ол үшін әр азаматтың өзін-өзі қорғай алатындай құқықтық білімі болуы қажет, — деді антикор сарапшысы.
Кездесу соңында жастармен кері байланыс орнатылып, спикер сауалнамаларына жауап берді.
Еңбекші ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен Тағы осындай жиын М.Өтебаев атындағы колледжде «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» тақырыбында кездесу өтті.
— Бүгінгі таңда азаматтардың құқықтық мәдениетін, саяси белсенділігін қалыптастыру өзекті мәселелердің біріне айналып келеді. Себебі, өз заңы мен заңда көрсетілген заң нормаларына қарсы әрекет жасап қатеселесіп жататындар қаншама деді, — антикор сарапшысы.
Кездесу соңында жастармен кері байланыс орнатылып, спикер сауалнамаларына жауап берді.
Айта кетсек, Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Деструктивті діни ағымдардың ықпалының алдын алу» тақырыбында «Finbridge international school» мектебінің жастармен кездесу өтті.
Мақсаты — жастарға теріс діни ағымдардан сақтану туралы терең түсінік беру, ата-ананы құрметтеу мен жақсылық жасай білуге баулу.
Кездесуге «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Көбей Дәулетұлы мен Жастар ресурстық орталығы КММ-нің инспекторы Қыпшақбаев Рауан қатысып, деструктивті діни ағымдардың қоғамға кері әсері мен зиянды тұстары жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
1624 символ