aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкент: Азық-түлік бағасы тұрақты бақылауда

10 ноября, 2023
in Uncategorized
0
Шымкент: Азық-түлік бағасы тұрақты бақылауда
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мегаполис тұрғындары бір жылда 500 мың тоннаға жуық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын тұтынады. Бұл туралы Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының өкілдері мәлімдеді.

Қала халқын ұнмен «Алтын-Дән», «Пионер», «Дос», «Тұрар», «Кемел ұн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қамтамасыз етсе, нан өнімдерімен «Ассоциация «НАН» қоғамдық бірлестігіндегі наубайханалар халық қажеттілігін өтеп отыр. Ал, макарон өнімдерімен «Барыс-2007», күнбағыс майымен «Шымкентмай», тауық жұмыртқасы және етімен «Шымкент құс», «Тассай құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері 100 пайыз қамтиды. Сиыр етімен тұрғындарды 34 пайыз қамтамасыз етіп, қосымша қажеттілік Түркістан облысынан тасымалданады. Тауық етімен қамту үлесі 20 пайызды құраса, қалған қажеттілік АҚШ, Белоруссия мемлекеттерінен, сондай-ақ Алматы қаласынан жеткізіледі.

Басқарманың ресми деректеріне сүйенсек, сүт өнімдерімен қамту орта есеппен 40-50 пайызды құрап, қалғаны Солтүстік өңірлерден және Түркістан облысынан тасымалданады. Көкөніс өнімдеріне келсек, картоп – Павлодар облысы, Қырғызстан мен Ресейден, пияз – Жамбыл облысы мен Өзбекстаннан, сәбіз – Павлодар, Жамбыл, Түркістан облысы және Ресейден, ал қырыққабат Түркістан облысы мен Өзбекстаннан тасымалданады. Бакалея өнімдерінен қарақұмық жармасы Шығыс Қазақстан облысы мен Ресейден, күріш Қызылорда облысынан келеді. Ал, шымкенттіктерді құмшекермен Жамбыл облысы мен Ресейдің, ас тұзымен Қызылорда облысының өндірушілері қамтамасыз етіп отыр. Аталған өнімдерді жеткізумен «Каис Инвест», «Ас-Ан», «Meir-Trade Distribution company», ЖК «Сидельников» және «Прима Дистрибьюшн» секілді жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, ірі дистрибьютерлік желілер айналысады.

Сонымен қатар, ұн, жұмыртқа, нан, күнбағыс майы, сиыр еті, тауық еті өнімдерін өндіретін тауар өндірушілермен айналым бағыты бойынша келісімшарттар жасалған. Бұл қала тұрғындарына азық-түлікті тиімді бағада тұтынуға мүмкіндік береді. Ал, көкөніс өнімдерінің бағасын маусымаралық кезеңде тұрақты ұстап тұру және баға өсімінің алдын алу мақсатында шаруа қожалықтармен форвардтық келісімшарттар түзілген. Сондай-ақ, апта сайын жергілікті тауар өндірушілердің және шаруа қожалықтардың қатысуымен қаланың 8 жерінде жәрмеңке ұйымдастырылып, күнделікті тұтынатын тауарлар нарықтан 10-15 пайызға төмен бағада сатылуда.

2000 символ

Алдыңғы жаңалық

Шымкент: Тақтайдай тегіс жолдардың үлесі артады

Келесі жаңалық

Шымкент қаласының әкімі құрылыс сапасына мән беруді тапсырды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі