aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Деструктивті діни ағымдардың кері әсері қоғамға қауіп

17 ноября, 2023
in Uncategorized
0
Деструктивті діни ағымдардың кері әсері қоғамға қауіп
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазіргі таңда ғылым мен технологиялардың қарқынды дамуы ақпараттық және медиакеңістіктің құрылымдарын күрделі ойындар алаңына айналдырды. Нәтижесінде кез келген қоғамдық пікірдің қалыптасуына бүгінде ғаламторды пайдаланатын миллиондаған адамдардың белсенділігі ықпал етіп келеді. Өкінішке орай мұндай белсенділердің арасында экстремистік және террористік ұйымдардан құралған деструктивті күштер осы кеңістіктің барлық мүмкіндіктерін өз қызметінде оңтайлы пайдаланып отыр. Ақпарат алмасудың әр түрлі заманауи тетіктерін шебер қолданатын деструктивті ағым идеологтары оқу, хат алмасу, бейне және аудио материалдар арқылы радикалды көзқарастарды таратуда. Мазмұны және ішкі мәні бірдей материалдар сан-алуан жолдармен, әр қилы формада ғаламтор пайдаланушылардың санасына құйылып келеді.

Осыған байланысты Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Шымкент аграрлық-техникалық колледжінің жастары арасында «Деструктивті діни ағымдардың кері ықпалы» тақырыбында кездесу өтті. Оған Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Тілләбек Саян қатысып, жастарға дәстүрлі дін мен жат ағымның айырмашылығын түсіндірді. Мақсаты — жастарды деструктивті діни идеологияның ықпалынан сақтау, дін мен дәстүрімізді жаңғырту болып табылады.

— Дәстүрлі дінге жат ағымдардың ұстанымдары жөнінде әлемдік ақпарат көздерінде кеңінен насихатталып келеді. Дегенмен, жат ағымның жетегіне кетіп, бармақ шайнап жатқандар да баршылық. Өздеріңізбен жүздесудегі басты мақсатта осы. Дінге қатысты қандайда сұрақтар болса, қашанда жауап беруге дайынбыз, — деді теолог маман.

Діннің адам санасына ықпал етудегі әлеуеті жоғары. Осыған орай теріс пиғылды халықаралық ұйымдардың медиа-студиялары және басқа да ақпараттық насихат құралдары әртүрлі қаржылық көздер арқылы молынан қаржыландырылып отыр. Аз уақыт аралығында деструктивті идеяларды тарату арқылы тұрақты біртұтас мемлекетті соғыс алаңына айналдырып, елді ыдыратып жіберуге болатынын Ливия, Сирия, Ирак және Йемен елдерінің тағдырынан айқын көруге болады.

Сонымен қатар, сала қызметкерлері діни ағымдарға қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, Діни басқарма жанындағы Діни оңалту бөлімінің мамандарына немесе жалпы мешіт имамдарына хабарласуға шақырды.

2000 символ

Алдыңғы жаңалық

17 қараша — Халықаралық шала туылған балалар күні

Келесі жаңалық

Шымкент: Буллингке жол жоқ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі