Соңғы жылдары елімізде психотерапия мен оның әдіс-тәсілдері, үлгілері қарқындап дамып келеді. Оның ішінде арт-терапиялық әдістер психотерапияның түрлі бағытында жұмыс жасайтын мамандарды ғана емес, сондай-ақ психологияға, өнерге, мәдениеттануға, және өзінің немесе жақынының мәселесін өз күшімен шешкісі келгендерді де қызықтырады.
Шымкент қаласы Қаратау ауданы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасында мазасыздық деңгейін диагностикалау, АРТ-терапиялық және психологиялық әдістемелер бойынша семинар-тренинг ұйымдастырды. Мақсаты — қарым-қатынас дағдыларын дамыту, өзін-өзі бағалауды арттыру мен өзіне деген сенімін нығайту болып табылады.
Арт-терапия даму үстіндегі психотерапиялық әдістердің жаңа түрі болып табылады. Аталған терапияның түрі қазіргі таңда үлкен жетістіктерге ие. Алғашқы Арт-терапия түсінігі енгізілген кезде оны тек сырқат, ауру, немесе демалыс үйіндегі емделушілерге ғана қолданған болса, қазіргі кезде оның қолданыс аясы, шеңбері кеңеюде. Яғни бұл терапия адамның шығармашылық жағдайын дамытып қана қоймай, адамның бойындағы қасиеттердің мүмкіндігін түсініп ашуға да жағдай жасайды.
Бұл терапияда визуалдық бейнелер туады, бұл үдеріс көркемдік жұмыс авторын, жұмыстың өзін және психотерапевтті өзара байланыстырады. Психотерапияның басқа түрлері сияқты арт-терапия да тереңде жатқан психикалық материалды сыртқы бетке шығарумен байланысты болса да, арт-терапияда оған көркемдік символдар мен метафоралардың байлығы ықпал етеді.
Арт-терапевттер бейнелеу өнері үдерісінің ерекшеліктерін терең түсінеді, бейвербалды, сиволикалық коммуникацияны кәсіби дағды ретінде игерген, клиент өзін мейлінше еркін, қауіпсіз сезініп өз басындағы аса күшті сезімдерін, реакцияларын көрсете алатын орта тудырады. Арт-терапияда эстетикалық стандарттарға мән берілмейді. Арт-терапиялық өзара әрекет негізіне көркемөнерлік экспрессия арқылы түйсінілмейтін, сезінілмейтін психикалық материалды көрсетіп, жинақтайды.
Семинар-тренингте проблема ретінде жастарда арасында көптеп табылатын тұлғалық ерекшеліктер, сенімсіздік, қорқақтық, жалқаулық сынды жағымсыз мінез-құлықтардан арылу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, қарым-қатынасқа байланысты проблемалар мен дағдыларының жеткіліксіз болуы, адамдармен тіл табыса алмау, тұйықтық секілді түрлі жағдайлардың шешімі қарастырылып, тақырып аясында арт-терапиялық ойындар ойнатылды.
2000 символ