Қазіргі таңда еліміздегі дін саласындағы өзекті мәселелердің бірі деструктивті идеологиялардың таралуы болып табылады. Деструктивті діни ағымдар қоғамдық қауіпсіздікке, неке және отбасы институтына, адам денсаулығына қатер төндіреді. Деструктивті діни ағымдар азаматтарымыздың құқықтарын бұзатын, оларға психологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, зиянын тигізетін ағымдар. Олардың ортақ сипаты – діни ілімінің ақиқаттылық деңгейінен емес, оған мүше адамдардың қоршаған әлеуметтік ортадан оқшаулануы мен жетекшілік еткен азаматтарға көзсіз бағынуынан көрінеді. Деструктивті діни ағым немесе ұйым — бұл өз ізбасарларының сана-сезімі мен еркіне толық бақылау орнатуға тырысатын деструктивті діни немесе жалған діни ұйым.
Шымкент қаласы Қаратау ауданы аумағында орналасқан Орта-Азиялық жоғары медициналық колледжінің жастары арасына «Қоғамдағы деструктивті діни ағымдардың ықпалы» тақырыбында кездесу өтті. Оған Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог мамандары Тіләбек Саян және Бекеулов Серік қатысты.
Мақсаты — жастарды деструктивті діни идеологиялардың ықпалынан сақтау, дін мен дәстүрімізді жаңғырту болып табылады. Сондай-ақ отансүйгіштік тәрбиелеу кереғар діни ағымдардың алдын алу және жалпы зорлық-зомбылықтың алдын алу.
— Дәстүрлі дінге жат ағымдардың ұстанымдары жөнінде әлемдік ақпарат көздерінде кеңінен насихатталып келеді. Дегенмен де, жат ағымның жетегіне кетіп, бармақ шайнап жатқандар да баршылық. Өздеріңізбен жүздесудегі һ басты мақсат та осы. Дінге қатысты қандайда сұрақтарының болса, қашанда жауап беруге дайынбыз, — деді теолог маман.
Сонымен қатар, сала қызметкерлері діни ағымдарға қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, Діни басқарма жанындағы Діни оңалту бөлімінің мамандарына немесе жалпы мешіт имамдарына хабарласуға шақырды.
Кездесу барысында сала мамандары жастарға отанды сүю иманнан екенін және жастарға түрлі кереғар діни ағымдардан сақтану жолдары, тәлім-тәрбиелілік, біліктілік, ата-ананы құрметту сынды тақырыптар төңірегінде сөз қозғап жастар көкейіндегі сұрақтарына жауап алды. Сондай-ақ әлеуметтік желілерге (инстаграм, фейсбук, телеграм, ватцап) келген ақпараттарды лайк, комментария және теріс діни ағымдағы фото-видеоларды таратпауға кеңес берді.
2000 символ