Тәуелсіздігіміздің ең алғашқы жеңісі саналатын Семей полигонының жабылуы – жаһандық маңызы зор жетістігіміз. Ендеше, айтулы датаны атап өту, өткен тарих беттерін жадымызда сақтау бәріміздің борышымыз.
Семей ядролық полигоны 1947 жылы 21 тамызда құрылды. Ал ең алғашқы атом бомбасының сынағы 1949 жылдың 29 тамызында өтті. Жалпы сынақ алаңы жұмыс істеген 40 жылдың ішінде аумағы 18,5 мың шаршы метрді құрайтын алаңда 456 жарылыс жасалған екен. Оның зардабын халық әлі көріп жатыр. Ресми мәліметтерге сүйенетін болсақ сынақ полигонынан тараған радиациядан миллионға жуық адам зардап шеккен. Бүгінде Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 32 жыл толып отыр.
Шымкент қаласы Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Мирас колледжі жастарының қатысуымен әскери-патриоттық кездесу өтті. Мақсаты — өскелең ұрпақтың бойына отан сүйгіштік, патриоттық сезімдерді қалыптастыру және сұрапыл жылдарда от кешкен ардагерлеріміздің ерлік жолын насихаттау.
Кездесуге Семей ядролық полигон ардагерлері Мұратбек Чманбеков, Еркінбек Утенов және Қалыбек Ахметов ардагер аталарымыз қатысты.
— Еңбек пен қара тердің арқасында біз тәуелсіз елде өмір сүрудеміз. Кешегі тарих – біз үлкен мотивация болу қажет. Себебі, онда Тәуелсіз елдің батырлары жөнінде жазылған. Ертеңгі ел болашағы сіздердей батыл, өжет жастардың қолында, — деді ардагер Қалыбек Ахметов.
Жобаның негізгі көздегені де осы – ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыра отырып, ержүрек ардагерлерді жақынырақ таныстыру арқылы жастардың патриоттық сезімдерін жоғарлату, Отанына деген елжандылық пен сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Бойларында Отан қорғаушы ретінде азаматтық және адамгершілік қабілеттерін жоғары ұстауға тәрбиелеу.
Біз әлемде алғаш боп ядролық қарудан бас тартқан мемлекетпіз. Адамзат баласына зор қауіп төндірген полигонның ауыртпашылығымен бетпе-бет келу арқылы азаматтарымыз Отанымыздың патриоты екенін дәлелдеді. Ардагер аталарымыз жастарға еліміздің тарихы мен өз бастарынан өткен қилы кезеңдерін баяндады. Тәуелсіздік туын тік еткен бейбіт күннің қадыр-қасиетіне жетіп, елді мен жерді сүюге шақырды. Ардагеріміз жастарға еліміздің тарихы мен өз бастарынан өткен қилы кезеңдерін баяндады. Тәуелсіздік туын тік еткен бейбіт күннің қадыр-қасиетіне жетіп, ел мен жерді сүюге шақырды.
2000 символ