Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Арбат” демалыс аймағында мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түсіндірме жұмыстары барысында мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламалары: “Жастар практикасы”, “Алғашқы бос жұмыс орны”, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде ақпараттар берілді.
Мұндай игі бастама аудандарда да жалғасын тапты. Еңбекші ауданы жастар ресурстық орталығы қызметкерлері 11 шағын ауданда «Жастардан жастарға – ақпараттық керуен» жобасы аясында мемлекеттік бағдарламалар жөнінде ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жобаның мақсаты — жастарды жұмыспен қамту, тұрғын үй мәселесі, кәсіпкерлік бойынша мемлекеттік бағдарламаларды жастар арасында кеңінен ақпараттандыру және NEET санатындағы жастар үлесін азайту.
Ақпараттық түсіндірме жұмыстарында мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламалары: «Жастар практикасы», «Алғашқы бос жұмыс орны» мен жас кәсіпкерлерді қолдау бағдарламалары насихатталды.
Сонымен қатар, Қаратау ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен Шымкент жоғары педагогикалық колледжінде «Құқықтық сауаттылық — заман талабы» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге М. Әуезов атындағы ОҚУ Заң факультетінің Халықаралық, қатынастар және Халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі, Шымкент қаласының антикор сарапшысы Ермек Бекбосынов катысты.
— Құқықтық сауаттылық — ол мемлекеттің құқықтық негіздерімен, нормаларымен таныс болу. Яғни өз құқығын білген адам ғана кез келген ситуациядан оңайлықпен шыға алады. Мысалы отбасындағы құқық бұзушылық, мектеп, ЖОО-дағы құқық бұзушылық. Осылардың барлығын алдын алу үшін өз құқығымызды білуіміз қажетпіз, — деді антикор сарапшысы. Кездесу соңында жастармен кері байланыс орнатып, спикер сауалнамаларына жауап берді.
Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Оң көзқарас өмірді өзгертеді» тақырыбында «Жасыл ел» жастары арасында teambuilding өтті. Мақсаты — жастар мен жасөспірімдердің арасында мінез-құлықтың алдын-алу және өмірге деген дұрыс көзқарас қалыптастыру.
Психолог жастар арасындағы көптеп кездесетін түрлі мінез-құлықтарға тоқталып, онымен күресу және алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Teambuilding соңында жастарға командалық қарым-қатынысқа арналған ойын ойныталды.
2000 символ