Шырайлы «шығыстың» ерекшеліктеріне құмар жандарды Шымкент қаласы құшағын жайып қарсы алады. Оңтүстіктің жүрегі, таңғажайып көне қала. Ол – жазық даланың тап ортасында, ыстық күн шуағының астында орналасқан. Қала аты – Шымкент «бақ қаласы», яғни жасыл қала дегенді білдіреді, сондықтан мұнда келгенде нағыз шұратқа тап болғаныңызды аңғарасыз.
Оңтүстік өңіріне зиярат ету туризмі Шымкент қаласының Сайрам тұрғын алабынан бастау алады. Сайрам тұрғын алабында республикалық маңызы бар Қазақстанның Сакралды географиясына енгізілген 7 киелі нысан орналасқан. Басқарманың басты стандартарының бірі, Қ.А. Ясауи кесенесіне бармай тұрып, ең бірінші Сайрамдағы орналасқан «Ибрагим ата», «Қарашаш ана» кесенелеріне бару қажет, содан кейін Түркістдағы Қ.А. Ясауи кесенесіне бару турларын ұлғайтуда.
Сансыз бабтар мекеніне келушілер әдетте ең әуелі Ибраһим ата кесенесіне ат басын тірейді. Ибраһим ата – рухани тәлімгер, діни көсем әрі осы өңірге танымал уағызшы, атақты сопы Қожа Ахмет Ясауидің әкесі. Тарихшылардың пайымдауынша, кесене XVI-XVII ғасырларда салынған, қатты жер сілкінісі кезінде кесене күмбезі құлағаннан кейін басқа қалыпта XIX ғасырда қайта тұрғызылды. Ибраһим ата кесенесі – әйгілі уағызшы мазарына қойылған сәулет ескерткіші. Шымкент қаласы Сайрам тұрғын алабында биік төбеде орналасқан. Ибраһим ата текті отбасынан шыққан, табысты жер өңдеуші болыпты. Халық арасында оның әулиелігі мен уағыз айту қабілеті жайлы аңыздар көп тараған. Мұқтаж жандарға көмектесіп, тақуалық өмір сүрді және мыңдаған ізбасарға ислам дінін уағыздады. Күмбез құлап қайта қалпына келтірілген кезде кесене төбесі ақ жапырақты қаңылтырмен қапталып, ортасына сүйір ұшты мұнара орнатылды. Халық арасында рухани азық беретін, арман-тілектерді қабыл ететін, адасқанға жол көрсететін, пана болатын, ауруды емдейтін, тынысты кеңейтетін қасиетті, киелі, әулиелі жер болып саналады.
Сондай-ақ, 2021 жылы жергілікті меценат есебінен Хызыр Пайғамбар мұнарасына 15,0 млн.тг. қаржыға абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, 2024 жылы Сайрам тұрғын алабын дамыту тұжырымдамасын әзірле жоспарланып отыр.
Аталған жоспарға сәйкес Қаратау ауданы әкімдігімен 2024 — 2025 жылдар аралығында жылына 80 мыңнан аса зияратшы келетін нысандар Ибрагим ата және Қарашаш ана кесенелерін 1-ші этаппен абаттандыру көзделген. Қазіргі таңда тиісті министрліктен ғылыми-зерттеу жұмыстарын ерте жүргізу мәселесі пысықталуда.
2000 символ