Бүгінгі күні Еңбекші ауданында табиғи газ жүйесімен қамту көрсеткіші 90,7% құрайды. Оның ішінде: мемлекеттік жүйеде 81,8%, жекеменшік жүйедегі 8,9%-ды құрайды. Қамтылмаған 9,3%-ды мемлекеттік жүйемен қамту 2024-2025 жылдарға арналған жұмыс жоспарына енгізілді.
Оңтүстік, Қарабастау, Жұлдыз, Жалын, Қаратөбе т.а. жаңақұрылыс аймағындағы 3739 абонентке жобалау-сметалық құжат «Бірлестік» және «SK BEST SPREC STORY KZ» ЖШС-тері әзірлеп, сараптананың оң қорытындысы алынды. Алдағы 2024 жылға бюджеттік өтінім ұсынылады. Жалпы аудан бойынша 2025 жылдың қорытындысымен жаңақұрылыс аймақтарындағы қамтылмаған 12,8%-ды құрайтын 5992 абонентті табиғи газбен қамтып, қамту көрсеткішін 100%-ға жеткізу жоспарланған.
2022 жылы ауданды ауыз сумен қамту көрсеткіші 94,5% құраған. Биылғы жылдың қорытындысымен Шымкент қаласына қосылған 7 елді мекеннің 3724 абонентіне ауыз су құбырларын тарту жұмыстарын толығымен аяқтау жоспарлануда. Оның ішінде, Қарабастау -1590 абоненет, Жұлдыз-484, Қаратөбе-144, Тоғыс-117, Жыланбұзған-16 және Айнатас-17, Исфиджаб -1356 абонент бар.
Аладағы 2024 жылы Бадам тұрғын алабының жаңақұрылысында — 340 учаске (3 үй), Оңтүстік-Жаңақұрылыста — 989 учаскеге (15 үй), Жастар көшесі және Қазығұрт станциясы (102 аб) сәулет-жоспарлау тапсырмасы (АПЗ) әзірленіп жатыр. 2023 жылдың қорытындысымен халық шоғырланған аумақтар толық ауыз сумен қамтылады. Ал жаңақұрылыс аумақтарды 2024-2025 жылдары 100 пайыз ауыз сумен қамту жоспарланған. Еңбекші ауданы бойынша кәріз жүйесімен қамтылу жағдайы 41%-ды құрайды. Бүгінде аудан аумағында «Ұлағат» шағынауданында кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары аяқталып, қазылған жерлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, Жұлдыз тұрғын алабындағы көпқабатты 27 үйді кәріз жүйесімен қамту мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда нысан құрылысы аяқталып, пәтер иелері абоненттеу жұмыстарын жүргізді.
Шымкент қаласында 2021 жылдан бастап Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасының аясында бірқатар жобалар жүзеге асып келеді. Биыл тұжырымдаманың «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында Еңбекші ауданында көпқабатты 35 тұрғын үйдің ауласына абаттандыру жұмысы жүргізіліп, ойын алаңшалары орнатылып жатыр. Сонымен қатар, жеке сектор аумағындағы 11 мекенжайда заманауи кешенді спорт және ойын алаңшаларын құру жұмыстары жүргізілуде.
2000 символ