Осы жылдың 2-3 қараша аралығында өткен, Қарағанды облысында робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялардың «RoboLand 2023» VIII халықаралық фестивалі өтті. Бұл Қазақстандағы техникалық шығармашылық пен жаңа технологиялардың ең ірі робототехнологиялық жобалардың бірі. «RoboLand» жобасы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің олимпиадалар мен жарыстар тізіміне енгізілген.
Халықаралық фестивальға Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Грузия елдерінен 300-ден астам команда бақ сынасты.
Атап айтқанда, шаһарымыздың намысын «Шымкент қаласының №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатының» 8-10 сынып оқушылары қорғап, жүлделі ІІ-орын иеленді.
Айта кетейік, Шымкент қаласындағы №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернаты өңірдегі ең үздік мектептердің бірі болып табылады. Білім ұясынан қияға қанат қаққан оқушылар әлемнің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында білімін жетілдіруде. Өткен жылы Германияның Дортмунд қаласында өткен әлемдік жарыста аталмыш мектеп оқушылары үздік 8 команда құрамына еніп, 6-шы орынды иеленген.
№2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатында 11 үйірме жұмыс істейді. Білімге құштар жастар үшін барлық жағдай жасалған. Заманауи технологиямен жабдықталған аудиторияларда ғылыми жобаларды жүзеге асыруға мол мүмкіндік қарастырылған.
Өткен жылы Германияның Дортмунд қаласында өтіп жатқан бүкіләлемдік робототехника олимпиадасында еліміздің оқушылары 2-орынға ие болды. Жарыста шымкенттік Ж.Жабаев атындағы №26 мектеп пен №9 IT-лицейінің оқушылары Иманғали Мыңжасар мен Бибарыс Михаш зеректігімен ерекшеленіп, жеңімпаз атанды. World Robot Olympiad (WRO) 2004 жылдан бері өткізіліп келеді. Биыл алғашқы іріктеуден дүние жүзі бойынша 15000 команда қатысса, доданың финалдық кезеңіне 73 елден 365 команда жолдама алған болатын. Айтып өтейік, Шымкент қаласының білім беру мекемелерінде 127 робототехника кабинеті бар, бұл шаһардағы білім ошақтарының 84,1%-ын құрайды.
Қазақстандық мектеп оқушыларының әлемдік аренада айтарлықтай жетістіктері бар. Солардың бірі Robotek робототехника мектебінің оқушылары 3 рет әлемдік ареналарда қатысып, Қазақстанның атағын әлемге танытып жүр. Бүкіләлемдік роботтар олимпиадасы (World Robot Olympiad) 2018 жылы Тайландта 120 команданың арасында 18 орын иеленсе, 2019 жылы Венгрия мемлекетінде 115 команданың ішінен 11 орынға табан тіреді. Сонымен бірге АҚШ-та Хьюстон қаласында болған First Lego League 2022 жарысында 100-ден астам ел қатысып, солардың арасынан 25 орын алды. Өткен жылы елдің командасы WRO 2022 олимпиадасында екінші орын алды.
2000 символ