aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Қазақстан мен Того президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

28 ноября, 2023
in Билік
0
Қазақстан мен Того президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Фор Эссозимна Гнассингбе екі мемлекеттің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Қазақстан Президенті Того делегациясына ілтипат білдіре отырып, достас екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 10 жылдығы қарсаңында Астанада өтіп жатқан бұл сапардың символдық мәні бар екенін атап өтті.

«Бүгінгі келіссөздер екіжақты байланыстардың жаңа кезеңін айқындап, өзара тиімді ынтымақтастығымыздың перспективті бағыттарын зерделеуге зор мүмкіндік береді. Біз Тогомен арадағы ықпалдастықты нығайтуға мүдделіміз және сіздің еліңізді Африкадағы маңызды серіктес ретінде қарастырамыз», – деді Мемлекет басшысы.

Президент екі елдің бір-бірінен алыс жатқанына қарамастан, ортақ тұстары көп екеніне, атап айтқанда, көпконфессиялы және көпэтносты құрамымен ерекшеленетініне тоқталды.

«Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Конфессияаралық және дінаралық диалогты дамыту – біздің мемлекеттік саясатымыздың басым бағыттарының бірі», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының пікірінше, Қазақстан мен Того арасындағы серіктестіктің әлеуеті әлі толық пайдаланылмай отыр. Оны дамыту үшін екіжақты құжаттарға, соның ішінде инвестицияларды өзара қорғау туралы келісімге қол қою қажет.

Қазақстан Президенті екіжақты сауда-саттықты өркендету және іскер топтар арасындағы байланысты нығайту маңызды екеніне тоқталып, Қазақстанның Тогодағы Құрметті консулы лауазымына лайықты кандидатты анықтауды ұсынды. Мемлекет басшысы мұндай қадам екі ел арасында B2B форматындағы байланыстарды дамытуға септігін тигізеді деп есептейді.

«Бүкіл әлемдегі халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға атсалысу ісінде Қазақстан мен Того сияқты мемлекеттер мейлінше белсенді және конструктивті рөл атқара алады деп санаймын», – деді Мемлекет басшысы.

Алдыңғы жаңалық

Аштықтан жүдеп, жүре алмаған: Алматы облысында 6 жасар бала ауруханаға жеткізілді

Келесі жаңалық

Петропавлда өгей әкесі мен шешесі ұрған 7 жасар қыз ауруханаға түсті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі