Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі студенттерге қазіргі таңдағы қыз балалар үшін өзекті мәселелердің алдын алу және саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу мақсатында «Қыздарға әсемдік жарасады» атты тақырыпта арнайы мамандармен кездесу өткізді.
Кездесуге жалпы тәжірибелі дәрігер Батырхан Нұрсәуле Оразханқызы, «Қоғамдық даму және психологиялық көмек көрсету» бөлімінің басшысы Қыпшақбаева Гүлнұр Бейсенқызы және Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжінің студент қыздары қатысты.
-Өмір өлшемі – салауаттылық, өмір заңы. Салауатты өмір сүрмей тұрып, өміріңе қажетті нәрсені ала алмайсың. Адам баласының жарасымды тұрмыс құрып, үйлесімді дамуы үшін біздің елімізде барлық жағдай жасалған деп айтуға болады. Қайда және қандай білім аламын десең де түрлі таңдау бар. Өнердің, спорттың сан-салалы түрімен айналысуға да болады. Жоғары оқу орнын бітірген соң да мемлекет тарапынан жастар үшін түрлі қолдау шаралары жүргізілуде. Иә, тұрмысқа шығып, ана атану әрбір қыз баланың мақсаты және міндеті. Бірақ қазіргі заманда енді бойжетіп келе жатқан қара қөз сұлу бойжеткендеріміз ерте тұрмыс құруға бейім болып кетті. Әрине, ата-ана атанып, еліміздің демографиялық санын көбейту жақсы -ақ, бірақ әр нәрсенің де өз уақытымен болғанын ұмытпағанымыз жөн, — деді Гүлнұр Бейсенқызы.
Кездесуге қатысқан қыздарға дәрігерлер жассөспірім қыз балалардың денесінің дамуы, гигиенасында болатын өзгерістер мен аурушаңдықтың алдын алуда не істеу қажеттігі туралы алғашқы мәлеметтерімен бөлісті. Студенттер қыздар төңірегінде қозғалған тақырыптар бойынша толғандырған сұрақтарын қойып, арнайы мамандар қойылған сауалдарға жауап берді.