aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістаннан Батысқа гуманитарлық көмек жөнелтілді

15 апреля, 2024
in Жаңалықтар
0
Түркістаннан Батысқа гуманитарлық көмек жөнелтілді
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының тұрғындары еліміздің су басқан өңірлеріндегі жағдайға алаңдаушылық танытып, өз көмектерін көрсетіп жатыр. Өңірде гуманитарлық көмекті үйлестіретін штабтар құрылып, жұмыс істеп жатыр. Су тасқыны болған уақыттан бері өңірден Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау облыстарына 371 тонна гуманитарлық көмек жөнелтіліп, еріктілер көмекке барды. Тағы да Түркістан халқы атынан 9 ауыр жүк көлігі мен қосымша көліктерге тиелген 200 тоннаға жуық кезекті гуманитарлық көмек керуені жөнелтілді. Онымен бірге 50 ерікті жас арнайы автобуспен жіберілді. Олар су тасқыны салдарын жою, ұйымдастыру жұмыстарына атсалысады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жүректен жүрекке» акциясы аясында Түркістан облысы ҚХА жанындағы Түркістан облыстық өзбек және түрік этномәдени бірлестіктері атсалысты. Сонымен бірге Сарыағаш, Отырар, Келес, Сайрам, Сауран ауданы мен Кентау қаласы тұрғындары атынан қажетті заттар тиелген жүк көліктері де жолға шықты. Оларға негізінен азық-түлік, көрпе-төсек, киім-кешек және құрылыс материалдары артылған.
Айта кетейік, облыстан 150-ден астам кәсіби құтқарушы СҚО және БҚО-да су тасқынының алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Түркістан облысындағы және аудан, қалалардағы Жастар ресурстық орталықтарында арнайы штабтар құрылып, гуманитарлық көмектер қабылдану үстінде. Ерікті жастар апат аймақтарына жіберілді. Осы уақытқа дейін өңірдің мейірімді халқы су басқан аймақтарға жүк көліктерімен 371 тонна гуманитарлық көмек жолдады. Оған бүгін де қосылып, гуманитарлық көмек көлемі 600 тоннаға жуықтады. Аудан, қалаларда жеке азаматтар да ұйымдасып, жүк көліктерімен көмектерін жіберіп жатыр.
Түркістан облысында гуманитарлық көмек жинау, су басқан аймақтарға қолдау көрсету жұмыстары жалғасады.

Алдыңғы жаңалық

«Буллинг және кибербуллинг»: сақтану жолдары айтылды

Келесі жаңалық

Жастар “ Таза өлкеге “ үлес қосты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі