aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Әскери борыш — міндет

15 апреля, 2024
in Жаңалықтар
0
Әскери борыш — міндет
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Тәуелсіз елімізге тірек болу, оның шекарасы мен тыныштығын кірпік қақпай күзету әрбір елжанды азаматтың қастерлі де қасиетті борышы. Сондықтан әр азамат Отан алдындағы азаматтық борышын абыроймен өтеуге асығып, әскер қатарында болуды қалайды.
Осыған орай Отырар ауданында жастарға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге баулу, айбынды қазақ әскерін жастарға үлгі ету мақсатында әскерге аттанғалы тұрған отырарлық жас сарбаздарды салтанатты жағдайда шығарып салу рәсімі өтті.
Шараға аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов қатысып, сарбаздарға ақ жол тіледі.
-Кез келген мемлекет үшін елдің қауіпсіздігі мен тыныштығы басты орында. Сондықтан да тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап ел қауіпсіздігін сақтауға баса назар аударылып, мемлекетіміздің шекарасы белгіленіп, әскеріміз жасақталды. Бүгінде Қазақстанның Қарулы Күштері әлемдік стандарттарға сай, ең мықты және заманауи үлгідегі әскери құрылғылармен жабдықталған. «Ер- елдің қорғаны» деген аталы сөз бар. Осы орайда, сіздерге Отан алдындағы борыштарыңызды өтеуде сәттілік тілей отырып, еліміздің еңсесін тіктеп, еркіндігін кеңейтіп, аянбай еңбек ете берулеріңізге тілектеспін,-деді.
Мұнан соң аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Мұхтар Әуезұлы баяндама жасап, әскер қатарында қызмет етіп, Отан алдындағы борышты өтеу Қазақтан Республикасының әрбір азаматының міндеті екенін атап өтті.
Шара барысында жас сарбаздар әскери қаруды шашып, қайта құрастыру бойынша оқу-жаттығу өткізіп, шапшаңдық пен ептіліктің үлгісін көрсетті. Одан әрі аудан өнерпаздарының орындауларындағы патриоттық әндер Отан қорғаушылардың рухын көтеріп, жастарға жігер сыйлады. Жиын соңында жас сарбаздар сапқа тұрып ел тыныштығын күзетуге аттанды.

Алдыңғы жаңалық

Жастар “ Таза өлкеге “ үлес қосты

Келесі жаңалық

Шағын несиенің шарапатын көргендер

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі