«Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы жүктеген тағы бір міндет – мектептерді жайлы, қауіпсіз және заманауи білім беру ортасымен қамтамасыз ету. Қазір Шымкент қаласында 272 мектепте 259 065 оқушы (мемлекеттік 150 мектепте – 207 192 оқушы, жекеменшік 122 мектепте – 51 873 оқушы) білім алуда. Өткен жылы мектеп жасындағы балалардың 85,5 пайызы қосымша білім берумен қамтылды. Біліктілікті арттыру курстарынан 2023 жылы 8763 педагог өтсе, биыл 7742 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтетін болады.
– Ұлттық жоба орталықтың ғылыми-әдістемелік кеңесінде қаралып, арнайы бұйрықпен 14 жетекші мектеп командалық жұмысты бастады. Бұл мектептер өзге мектептерге әдістемелік көмек көрсету арқылы өздерінің деңгейіне жеткізуі тиіс, — дейді басқарма басшысы.
Сонымен қатар, білім сапасын арттыру бағытында «Мобильді мұғалім», «Үздік кәсіптік бағдар беру», «Жетекші мектеп» жобалары мен «Бейіндік сынып» пилоттық жобасы, «Сауаттылық – сапалы білім негізі» жобасы жүзеге асырылуда.
«Білім берудегі 1000 көшбасшы» орта білім беру ұйымдары басшыларының кадрлық резервіне Шымкент қаласының білім беру ұйымдарынан 666 үміткер тіркелген екен. Оның ішінде 20 үміткер оза шығып, кадрлар резервіне алынды. Осы жеңімпаздардың ішінен 5-і мемлекеттік мектептерге конкурстан тыс тағайындалған. Басқарма басшысының айтуынша, резервтегі азаматтар алдағы уақытта мектептерге басшылық лауазымға барады.
Бала сапалы білім алуы үшін оған жайлы мектеп керек. Жайлы мектеп деген – барлық жағдайы жасалған ғана емес, оқушылар сыныпта қысылып-қымтырылмай еркін отыратындай мектеп. Ал, Шымкентте әлі 21 мектепте оқушылар толымдылығы жоғары болып тұр.
2023 жылы 23 мектеп пайдалануға беріліп, үш ауысымда оқытатын мектеп мәселесі толығымен шешімін тапқан. Сонымен қатар қаладағы мектептерде сапалы білім алу үшін жағдай жасау мақсатында 5 жылға арналған кешенді жоспарға сәйкес 2028 жылға дейін қуаттылығы 50240 орынға арналған 57 мектеп құрылысын салу жоспарлануда.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру мақсатында шаһарда былтыр 17 300 орынды 12 мектептің құрылысы басталды. Ал, – 10 700 орынды 6 мектептің құрылысы биыл басталады деп жоспарланған.
Сондай-ақ, 2023 жылы 9 білім мекемесінің ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілген. 2025 жылға дейін 30 білім беру ұйымының ғимаратына күрделі жөндеу қажет.
2000 символ