aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«TURKISTAN» телеарнасы — өңірдің айнасы

22 апреля, 2024
in Жаңалықтар
0
«TURKISTAN» телеарнасы — өңірдің айнасы
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жуырда Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков өңір тіршілігінің айнасына айналған «Turkistan» телеарнасының қызметкерлерімен кездесті. 2021 жылдың көктемінде тұсауын кескен жас телеарнаның биыл эфирге шыққанына 3 жыл толды. Телеарна аз уақыт ішінде көрерменнің жүрегіне жол тауып, «Тұмар» телевизиялық ұлттық байқауының «Үздік аймақтық арна» номинациясын еншілеп үлгерген.
«Қысқа мерзімде билік пен бұқара арасында алтынкөпір түзіп, қоғамдағы оң өзгерістерге елеулі үлес қосып келесіздер. Бүгінгі таңда жалпы өңірдің, облыс орталығының әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы объективті мағлұмат таратуда сіздердің қызметтеріңіз орасан. Рухани астанамызды халықаралық деңгейде танытуға қосып жүрген еселі еңбектеріңізге ерекше алғысымды білдіремін, — деді шаһар басшысы.

Кездесуде «Turkistan Media Holding» ЖШС бас директорының орынбасары Абай Қалыбай еліміздің рухани астанасы атанған Түркістанды танытуда, қаланың оң имиджін қалыптастыруда жұмыстар жанданатынын жеткізді.

«Turkistan» телеарнасына биыл – 3 жыл. Осы уақыт ішінде ақпарат кеңістігіндегі облыстың айнасына айналған телеарнаның уақытпен бірге көш бастап келе жатқаны көрерменін қуантады. Егер есімізде болса, Түркістан өз алдына облыс орталығы ретінде бөлініп шыққанда аталған телеарна да ғұмырын осы жерден бастап еді. Иә, алғашында кәсіби мамандардың басын құрап, жоқтан барды жасау оңай болған жоқ. Қазіргі таңда телеарна ұжымы асқан еңбекқорлық пен жауапкершіліктің арқасында жетістіктерге жетіп жүр. Бүгінде 40-тан астам тележоба көпшіліктің назарына ұсынылады. Рейтингі жоғары, көптің көзайымына айналған жобалардың қатары күннен күнге артып келе жатыр. Бұл жерде телеарна басшылығы мен қызметкерлердің еңбегінің орасан екенін атап өткен жөн.

Алдыңғы жаңалық

Жастарға 1 миллион теңге грант беріледі

Келесі жаңалық

Орал қаласында 116 саяжай бірлестігін су басты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі