Жастардың кәсіпкерлік бастамасын дамыту үшін мемлекет жеңілдетілген шағын несие беруді қолға алған болатын. 5 жыл мерзімге жылдық мөлшерлемесі 2,5% болатын несиені облыстық, республикалық маңызы бар қалада, астанада, моноқалада, шағын қалада, ауылды елді мекенде тұратын жастар ала алады. Олардың жасы 21-ден 35-ке дейін, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген болуы тиіс. Бұл бастама былтырдан бері жүзеге асып келеді. Сондай жастың бірі – 26 жастағы Бақдәулет Озаев. Ол мал бордақылау ісімен айналысады.
-Мемлекеттің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан жеңілдетілген несиенің шарапатын көрген жастардың бірімін. 2,5 пайызбен 8,4 миллион теңге несие алдым. Оған 24 мал басын сатып алып, мал бордықылау ісін қолға алдым. Әрине, кәсібіміз оңай шаруа емес. Малды күтіп, бабына келтіру үшін де біраз уақыт керек. Жем, шөбі уақытылы беріліп, қашан пайдаға асқанша қас қабағына қарайсың. Қазір ет өнімдеріне деген сұраныс көп. Сондықтан, осы кәсіпті дөңгелетуді ойластырдым. Алдымен, жастарға осындай мүмкіндік беріп отырған мемлекетке айтар алғысымыз шексіз,- дейді Бағдаулает.
Жас кәсіпкер мал бордақылау ісіндегі қиындықтар мен келетін пайда туралы айта келе жастарды кәсіпкерлікпен айналысуға шақырды.
Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен келген Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшы орынбасары Есқұлов Пердебек Жамбыл ауылдық округі Кеңесшіл ауылында орналасқан мал бордақылау алаңына барып, жас кәсіпкердің мал бордақылау алаңын барып көрді.
Мақтаарал ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы Бабашев Мадияр және аудандық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Ошантаев Нұркен мемлекеттен 2,5 пайызбен несие алып кәсібін бастаған аудан жастарымен таныстырып, жұмыстарын баяндады.