Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дерегінше, Қазақстан әлемде жасөспірімдер суициді ең көп тіркелген елдер қатарына кіреді. Қазақстанда халықтың әр 100 мың тұрғынына шаққанда 22,5-тен 25,6-ға дейін көбейгенін көрсететін де деректер бар. Әсіресе, жасөспірімдер арасында өзіне қол салу оқиғасы жиі орын алады екен.
“Зорлық-зомбылықтың,суицидтің, қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу” тақырыбында Мақтаарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі оқушылармен кездесу өткізді.
Мақтаарал ауданы ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің инспекторы және “Мақтаарал АПБ ЖПҚ КТІЖ УПИ” полиция аға лейтенанты Көбеев Бекмаханбеттің ұйымдастыруымен.
Мақтаарал ауданы Атакент кенті, Жамбыл ауылдық округі Ә.Бөкейханов атындағы орта мектепте өткен кездесуге “Мақтаарал АПБ полиция аға лейтенанты Көбеев Бекмаханбет және “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің инспекторлары қатысып отырды.
Басты мақсат — жастар мен жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, әлімжеттіктің алдын алу.
Кездесу барысында зорлық-зомбылық, тұлғаның жеке өміріне қол сұғушылық, азаматтардың құқығын бұзатын бір адамның екінші адамға тәндік немесе психикалық ықпал етуі екендігі және басқа да тұрғыдағы заңға қайшы әрекеттерді байқаған немесе осы жағдайларды бастан кешіп жатқан тұлғалар болса, құқық қорғау органдары тарапынан берілетін заңдық көмектерге жүгіне алатындағы жайлы айтылып, түсіндірілді.
Сонымен қатар, жастарға зорлық- зомбылық жайлы мағлұмат беріп, жастарымызды жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу және адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал етудің маңызды қадам екені де тысқары қалған жоқ. Кездесу соңында жастардан сауалнамалар алынды.