Қазіргі таңда еңбек тәжірибесі жоқ жастар үшін “Жастар практикасы” , “Алғашқы жұмыс орны” және басқа да бағдарламалар үлкен мүмкіндік болып тұр. «Жастар практикасы» жоба¬сы¬¬¬ның мақсаты – университет пен¬ колледж бітірген азаматтарды маман¬дығы бойынша жұмысқа орна¬ласуға көмектесу. Яғни олар¬дың тәжірибе жинақтап, бел¬гі¬лі бір қызметке бейімделуіне жәр¬дем-десу. Тек бір ескере кететіні жобаға оқу бітіргеніне 3 жылдан аспаған маман ғана қатыса алады. Әрі жастар ауыр кәсіпорындар мен зиянды, қауіпті жұмыстарға жіберілмейді.
Түркістан облысы Мақтаарал ауданы ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Жастар практикасы » мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы Құралбаева Зейнеш Жамбыл аудандық округі, Жамбыл амбулаториясында мейірбеке болып білікті мамандардан тәжірибе жинақтауда.
-Дәрігер мамандығы – өте абыройлы да жауапты іс, өйткені адамның денсаулығы, кейде өмірі дәрігерге байланысты. Адамдар дәрігердің кез келген жағдайда міндетті түрде көмектесетініне сенеді. Бүгінгі таңда медицина саласы өте жоғары деңгейде даму үстінде. Әр халық өзінің дәстүрлі дәрігерлігіне де ерекше мән беріп, оны әлемдік медицина ғылымымен ұштасыруға барын салып отыр. Сондықтан, медицина мамандығын таңдағаныма өкінбеймін, — дейді Зейнеш.
Ал Тоқтасын Ажар Бауыржанқызы Түркістан жоғары көпсалалы қолөнер колледжінде бастауыш білім беру мамандығы бойынша білім алған. Қазіргі таңда Сауран ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ”Жастар практикасы” бағдарламасы арқылы жұмысқа орналасып, алғашқы жұмыс тәжірибесінен өтуде. Ажардың айтуынша бағдарлама жастарға зор әрі тиімді, оқу орнын бітірген жастарға үлкен мүмкіндік екенін жеткізеді.
“Алғашқы жұмыс орны” бағдарламасымен жұмыссыз ретінде тіркеліп тұрған Састөбе кенті тұрғыны Тілепбергенов Берик Нұргалымұлы “Нуртаева К.С.” жеке кәсіпкерлігіне таразышы мамандығына жұмысқа жолданған болатын. Қазіргі таңда тиісті жұмыстарын абыроймен атқаруда. Жалпы “Алғашқы жұмыс орнына“ еңбек өтілімі болмаған, 35 жасқа дейінгі жұмыссыз жастар қатыса алады. Сондай-ақ, жастар үшін тиімді бағдарламалардың бірі “Ақылы қоғамдық” бағдарламасы. Түлкібас аудандық мансап орталығында жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрған, Т.Рысқұлов ауылының тұрғына Нарымбетова Ләззат “Садыкова” жеке кәсіпкерлігіне сатушы ретінде жұмысқа жолданған. Қазіргі таңда тиісті жұмыстарын абыроймен атқаруда. Демек, жұмыс жоқ деп қарап отыруға болмайды. Істеймін деген адамға жұмыс та, мүмкіндік те көп. Ал ол мүмкіндіктер мемлекет тарапынан жасалып отыр.