Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл ретте жасөспірімдердің қалыптасуына әсер ететін факторларды анықтап алсақ. Алдымен отбасы.
Отбасындағы қарым-қатынас жасөспірім үшін, оның тұлға ретінде қалыптасуы үшін үлкен тәрбиелік мәнге ие. Қазіргі уақытта көптеген отбасыларда балаларды ата-аналардың бірі, көбінесе анасы тәрбиелейді, бұл жасөспірімдерді тиісті қадағалаудың болмауына әсер етеді, оған моральдық қолдау, қамқорлық, көңіл бөлінбейді-мұның бәрі тұлғаның қалыптасуына кері әсер етеді. Мектеп. Мұғалімдермен қарым-қатынасы қиын жасөспірімдер көбінесе сыныпта оқшауланып, өздерін бөтен сезінетіндігімен, әдетте қиын жасөспірімдер нашар оқитындығымен күрделене түседі. Оқуы қиын жасөспірімдерді сынып ұжымында оқшаулау олардың құқық бұзушылық жолына түсуіне ықпал ететін басты себептердің бірі болып табылады. Көше. Отбасында және мектепте қолдау мен көңіл бөлінбей өскен кәмелетке толмаған адам қарым-қатынас қажеттілігін қанағаттандыра алатын басқа ортаны іздейді. Жас-өспірім, әдетте, көшеде қарым-қатынастың жетіспеушілігін толтыруға тырысады. Егер мұнда ол «жаман» әсерге ұшыраса, онда оның қалыптасуы теріс болуы мүмкін. Әдетте, мұндай жасөспірімдердің тұрақты қызығушылықтары жоқ, спорттық және басқа үйірмелер мен секцияларға қатыспайды, мақсатсыз уақытты өткізуге мәжбүр болады. Оң нәтиже тек отбасының, мектептің және сыртқы демалыс және әлеуметтік мекемелер мен ұйымдардың бірлескен және үйлесімді жұмысымен мүмкін болады. Сондай-ақ, аудан бойынша кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықты болдырмау, заңды мүдделерін қорғау мақсатында полиция бөлімі, жұмыспен қамту бөлімі, білім бөлімі, денсаулық сақтау және де өзге өкілдерді біріктіретін аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия жұмыс жасайды.
Осыған орай, жуырда Кентау қаласының полиция бөлімі, Кентау қалалық “Жастар ресурстық орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен қала жастары мен жасөспірімдері арасында құқық бұзушылық пен нашақорлықтың алдын — алу және кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің түнгі мезгілдерде көшелер мен қоғамдық орындарда беймезгіл жүруін болдырмау мақсатында түнгі рейдтік жұмыстар жүргізілді.
Жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың, нашақорлықтың алдын алу, құқық бұзушылыққа бейім жастарды анықтау мақсатында қаладағы ойын-сауық орталықтарында, кафелерде, саябақтарда, көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында жүргізілген рейд кезінде ешқандай құқықбұзушылық анықталмады. Алдағы уақытта да рейд жұмыстары өз жалғасын табатын болады.