aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жастарға берілген зор мүмкіндік

30 июля, 2025
in Жаңалықтар, Шытырман
0
Жастарға берілген зор мүмкіндік
0
SHARES
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«ҚР Мемлекеттік қызметі туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес (2022 жылдың 30 желтоқсан), мемлекеттік грантпен жоғарғы оқу орындарын үздік аяқтаған түлектер (GPA 3.33-тен жоғары) оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде аудандық, ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз қабылдана алады.
Аталған өзгерістер арқылы білікті жастарды мемлекеттік қызметке ынталандыруға, жас мамандардың аудан мен ауылдық аймақтарға оралуына, сонымен қатар өңірлердегі кадр тапшылығын азайтуға септігін тигізіп, мемлекеттік қызметке кіруді жеңілдетеді. Бүгінгі таңда Түркістан облысында осы мүмкіндікті пайдаланған 46 түлек мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеусіз қабылданды. Яғни бітіруші түлектер аудандық, ауылдық деңгейдегі лауазымдарға және аумақтық департаменттердің аудандық бөлімшелеріне конкурссыз орналасты.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік қызметке кіруді оңтайландыру бойынша заңнамаға енгізілген өзгерістердің негізінде, грантпен оқуды жақсы нәтижемен (GPA-3.33) аяқтаған түлектер бір жыл ішінде конкурстық іріктеусіз аудан мен ауылдардағы төменгі лауазымдарына орналаса алады. Осы орайда, жоғары оқу орнының түлектерін мемлекеттік қызметке тарту бағытындағы жұмыстарды жандандыру мақсатында, Тұркістан облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінде Халықаралық туризм және меймандостық университетін бітірген жас түлектермен ZOOM қосымшасы арқылы кездесу өтті.
Кездесу барысында Департамент басшысы Абылайхан Наурызбаев жас түлектерге берілген мүмкіндіктерге тоқталып, бұл жас мамандарды қолдау мақсатында қолға алынған маңызды қадам екені және дарынды жастарды ынталандыруға, аудан мен ауылдық аймақтарды білікті кадрлармен қамтамасыз етуге, сонымен қатар өңірлердегі кадр тапшылығын азайтуға септігін тигізіп, мемлекеттік қызметке кіруді жеңілдететіні туралы айтып өтті.
Айта кету қажет, Түркістан облысы бойынша аудан, қалаларда 50-ге жуық жас түлек конкурссыз төменгі лауазымдарға тағайындалды. Сонымен қатар, облыс орталығындағы мемлекеттік органдарға орналасқысы келетін жастарға мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа жүйесі бойынша кеңінен ақпараттар берілді.
Биыл маусым айында жоғарғы оқу орнын үздік бітірген түлектер мемлекеттік қызметте жұмыс жасауда.
Олар — Қалдыбай Гүлдана Сұлтанқызы — Халықаралық туризм және меймандостық университетін білім гранты (GPA-3,43) негізінде 2025 жылдың 17 маусымында оқуын бітіріп, Ордабасы ауданы әкімдігінің Қажымұқан ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы лауазымына қабылданды. Ал, Сламқұл Жүсіпәлі Есімханұлы — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін білім гранты (GPA-3,65) негізінде 2025 жылдың 24 маусымында оқуын аяқтап, Сарыағаш аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-құқық бөлімшесінің бас маманы лауазымына конкурссыз орналасты.
Тағы да айта кетейік, мемлекеттік грантпен жоғарғы оқу орындарын үздік аяқтаған түлектер (GPA 3.33-тен жоғары) оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде аудандық, ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз орналаса алады.
Бүгінгі таңда республикада осы мүмкіндікті пайдаланған 450-ден астам түлек мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеусіз орналасқан. Солардың бірі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің мемлекеттік білім гранты негізінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша 2025 жылғы 24 маусымда оқуын бітірген Сламқұл Жүсіпәлі Есімханұлы. Ол жоғары оқу орнын үздікке аяқтап, өзінің туған жеріне келіп қызмет етуді мақсат етіпті. Ал, мемлекеттің талантты жастарды қолдау және мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылдау туралы бағдарламасының жақсы жұмыс істеп жатқанынан хабардар болған ол дереу құжаттарын рәсімдеп жергілікті әкімдікке тапсырды.
-Мемлекеттік қызметке тұру үшін бұрынғыдай түрлі кедергілерге тап болып жүрмейсің. Тек жоғары оқу орнын үздікке тәмамдасаң болғаны, құжаттарыңды рәсімдеп өткізесің. Мен де осы туралы ақпаратпен танысып, дереу іске кірістім. Менің төрт жыл ішіндегі оқудағы үлгерімім GPA-3,65-ті құрады. Бұл көрсетілген талаптан жоғары екенін білдіреді. Маусымда оқуды аяқтасам, шілдеде жұмысқа орналастым. Қазіргі таңда Сарыағаш аудандық мәслихатында бас маман болып жұмыс істеп жатырмын. Бұл енді ғана оқуын бітірген жастарға берілген зор мүмкіндік. Және мансаптық өсу жолында да қажет. Сондықтан, мемлекет тарапынан жасаып отырған осындай мүмкіндіктер жастардың ертегіне үлкен жол ашады. Сонымен қатар, бұл бағдарламаның пайдасы — өңірлердегі кадр тапшылығын азайтып, білімді, жаңа, жас кадрлардың артуына ықпал етіп, мемлекеттік қызметке тұруды жеңілдетеді деп ойлаймын, — дейді Сламқұл Жүсіпәлі.

Алдыңғы жаңалық

Алматы экономикасы қарқынды даму үстінде

Келесі жаңалық

Мемлекеттік қызмет тиімді жүргізілуі тиіс

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі