aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мемлекеттік қызмет тиімді жүргізілуі тиіс

30 июля, 2025
in Жаңалықтар
0
Мемлекеттік қызмет тиімді жүргізілуі тиіс
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасының бас мамандары Ерсұлтан Амангелдіұлы және Елбасы Ыдырысұлы Түркістан телеарнасының «Жаңа толқын» бағдарламасында арнайы сұхбат берді. Сұхбат барысында Е. Амангелдіұлы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап Түркістан облысының жергілікті атқарушы органдарындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдар бойынша өткізілетін жалпы конкурстардың «Е-qyzmet» жүйесінің сыртқы порталында жүргізілетінін айтып, оны жүзеге асыру тәртіптерін түсіндірді. Оның айтуынша, мемлекеттік органдармен бос лауазымдарға конкурстар жариялау, оның кезеңдерін өткізу, конкурстың комиссияларында құру бағытында жұмыстар жасалады. Сонымен қатар, конкурсқа үміткерлердің қатысу тәртіптері мен конкурс кезеңдері жайында кеңінен ақпараттармен алмасты.
Жалпы, бұл іріктеудің «Е-qyzmet» жүйесінде жүргізілуі — мемлекеттік қызметтің ашықтығын, әділдігін және тиімділігін арттыру мақсатында маңызды қадам болып табылады.
Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Е. Ыдырысұлы Өңірлік кадр резерві мен Президенттік жастар кадр резервінің маңызын ерекше атап өтіп, бұл бастамалар арқылы білікті, жас мамандардың мемлекеттік қызметке келу мүмкіндігі артып жатқанын жеткізді.
Сондай-ақ, жоғарғы оқу орнын үздік бітірген түлектердің мемлекеттік қызметтің аудандық және ауылдық деңгейдегі бос лауазымдарға конкурссыз орналасу мүмкіндігі туралы атап өтіп, аталған өзгерістер арқылы жас мамандардың аудан мен ауылдық аймақтарға оралуына және өңірлердегі кадр тапшылығын азайтуға септігін тигізіп, мемлекеттік қызметке кіруді жеңілдетінін айтты. Бағдарлама соңында спикерлер жастарды мемлекеттік қызметте жұмыс жасауға және аталған мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға шақырды.
Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен 2019 жылы іске қосылған Президенттік жастар кадр резервін құру дарынды жастарды мемлекеттік басқару ісіне тартуға мол мүмкіндіктер тудырғаны анық. Дгенмен, бұл тұрғыда болашақ резервшілерді жұмысқа орналастыру мүмкіндіктеріне қатысты ережелерді нақтылау ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі тарапынан ұсынылды. Резерв мүшелері тиісті саяси және әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға үміткер болады. Резервтің негізгі міндеті — мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге дайын білікті жас мамандарды іріктеу. Сондай-ақ 2024 жылы Президенттің тапсырмасын орындау аясында, яғни жергілікті органдардың кадрлық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында еліміздің барлық өңірінде алғаш рет облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың Өңірлік кадр резервтеріне іріктеу жүргізілген болатын. Былтыр қыркүйек айында аяқталған іріктеу нәтижелері бойынша Өңірлік резервке қабылданған 505 адамның 76-сы жергілікті атқарушы органдардағы «Б» корпусының лауазымдарына конкурстан тыс орналасты. Атап өту керек, Өңірлік кадр резервінің мақсаты — аймақтардағы білікті әрі білімді жастарды мемлекеттік қызмет жүйесіне тарта отырып, олардың әлеуетін тиімді пайдалану.
Иә, Президенттік жастар кадрлық резервін құру қажеттігін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында атап өткен болатын. Сол кезде Мемлекет басшысы резервтің жастар үшін тиімді әлеуметтік лифтіге айналуы тиіс екенін айтқан еді. Іріктеуге түрлі салалардың өкілдері, түрлі кәсіп иелері қатыса алады. Олар міндетті түрде мемлекеттік қызметкер болуы шарт емес, квазимемлекеттік сектор, жекеменшік сектор, азаматтық қоғам өкілдері бола алады. Ал бағ¬дар¬ла¬ма¬ның жастарға пайдасы көп. Өйткені, бұл бастаманы «әлеуметтік лифт» десек те болады».
Мемлекет басшысы жастарға қарата: «Бүгінгі жас буынның би¬лік¬ке келетін уақыты алыс емес. Сіздер мемлекетті басқару тізгінін алу¬ға дайын болып, тиісті білім мен білікті меңгерулеріңіз қажет. Жас¬тарымыз ел дамуының жаңа тари¬хи кезеңіне дайын болуы керек. Білім мен білік өршілдіктен биік тұруы тиіс. Жаңару үдерісі – ішкі саясаттағы басым бағыттардың бірі. Кадр резервін жасақтау жұмыстары мұнымен тоқтап қалмайды, жалғаса береді. Оның қатарына ынталы және лайықты жастар кіреді. Алда¬ғы кезеңде ХХІ ғасырдың та¬бысты мемлекетін құруға дайын кәсіпкерлердің, ғалымдардың, мәде¬ниет қайраткерлерінің, инно¬ва¬торлардың және басқа да талант¬ты жастардың жаңа буынына белсенді қолдау көрсетеміз. Түрлі салаға жауапкершілікті алудан, қалыптан тыс және тиімді шешімдер қабыл¬даудан қорықпайтын жаңа форма-ция¬дағы басқарушылар тобы қа¬жет», деп айтқанындай, жаңа фор¬ма¬циядағы басқарушылар тобы көп ұзамай қызметтеріне кірісті. Бүгінде жастар кадрлық резерві бойынша жұмыс қабылданған Самат Рамазанов «Түркістан облысының жер қатынастары бас¬қар¬масы» ММ-нің басшысы қыз¬метін атқаруда.

Алдыңғы жаңалық

Жастарға берілген зор мүмкіндік

Келесі жаңалық

Аймақтарда жаңа жобалар қолға алынды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі