aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Аймақтарда жаңа жобалар қолға алынды

30 июля, 2025
in Жаңалықтар
0
Аймақтарда жаңа жобалар қолға алынды
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан өңірінде өндірісті өркендетіп, ауылшаруашылығын айтарлықтай дамыту бүгінде күн тәртібінен түспейтін мәселе. Бұл ретте алыс, жақын аудан, қалаларды экономикалық тұрғыдан дамыту қажет. Аудандар облыстың қазанына қол салмай, өз алдына күн көру деңгейіне жетуі, тіпті, қазына қаржысының молаюына бүлес қосуы тиіс. Мұны облыс басшысы әрбір жиында қадап айтып жүр. Дегенмен, аудандардың да бүгінгі беталысы жаман емес. Тапсырма мен міндеттерді естен шығармайтын әкімдер іске барынша кірісіп жатыр. Келес ауданы Сарыағаштан бөлініп шыққаннан кейін өз алдына отау тігіп, күнкөрістің қамына кіріскеніне де біраз болды. Бүгінде Келестің де жапырағы кеңге жайылып, саялы Келеске айналып келе жатыр.
Атап айтқанда, Келес ауданында тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында бірқатар жобалар іске асып жатыр. Мәселен, Алпамыс батыр ауылдық округіндегі Қауыншы ауылында 2000 орындық спорт кешенін салу, Ақжол ауылында 150 орындық мәдениет үйі мен кітапхана және 100 орындық балабақша салу көзделуде. Сондай-ақ, жеке инвестиция есебінен сыйымдылығы 3400 тонналық тоңазытқыш қоймасы мен тігін цехының құрылыстары басталды. Қойма 2025-2026 жылдар аралығында іске асады деп жоспарланған. Жоба құны 800 млн теңгені құрайды.
Сонымен қатар, аталған елді мекендерді таза ауыз сумен қамту мақсатында құрылыс жұмыстары қолға алынып, аяқталуға жақын. Бүгінде елді мекендердің ішкі су құбырларын қосу жұмыстары да жалғасуда. Сонымен қатар, электр желілерін жаңарту және трансформатор орнату жұмыстары жоспарға сәйкес орындалып жатыр. Одан бөлек, көшелерді жарықтандыру бағытында тиісті жұмыстар атқарылған. Жол инфрақұрылымын жақсарту мақсатында бірқатар көшелерге асфальт төселіп, тас төсеу жұмыстары да жүргізілген.
Жалпы, Алпамыс батыр ауылдық округі бойынша биыл 1282 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Сондай-ақ, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында «Ер-тайыр» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі жүзім шаруашылығын дамыту жобасын іске асырып жатыр. Қазіргі таңда 5 гектарға жүзім көшеттері отырғызылған.
Сондай-ақ, Келес ауданында ауыл шаруашылығы саласында биыл оң өзгерістер бары байқалады. Өңірге арнайы келген түркиялық инвесторлар ауданның табиғи-климаттық ерекшеліктерін зерделеп, жеміс-жидек шаруашылығын, соның ішінде шабдалы өсіруді дамытуға қызығушылық танытып отыр. Келес ауданы әкімінің орынбасары Сүлеймен Жылқыбаев шетелдік мамандарға өңірдің әлеуетін таныстырып, әріптестік орнату жолдарын талқылады.
Бүгінде «Нұржан» шаруа қожалығының төрағасы Нұржан Умаров Түркиядан 15 000 түп «Орион» сұрыпты шабдалы көшеттерін әкеліп, 12 гектар жерге отырғызды. Бұл көшеттер Келес ауданында арнайы дайындалған аумаққа отырғызылып, алғашқы ірі шабдалы бағының негізі қаланды. Жобаның келесі кезеңінде шабдалы бақтарын кеңейту жоспарланған. Бұл бағытта «Ұлы Дала» өндірістік кооперативінің төрағасы Құрманғазы Асанбаев пен Нұржан Умаров бірлесе отырып, көлемі 51,3 гектар жер учаскесіне шабдалы көшеттерін отырғызу жұмыстарын қолға алмақ.
Алдағы уақытта жергілікті кәсіпкерлер Түркия елінен сапалы көшеттер әкеліп, заманауи жеміс бақтарын құруды жалғастырады. Бұл бастама өңірде жаңа жұмыс орындарын ашуға, экспорттық әлеуетті арттыруға және Келес ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің түрін көбейтуге жол ашады.
Ал, Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылдық округіндегі индустриалды аймақта қуаттылығы тәулігіне 45 тонна күнбағыс майын өндіретін жаңа зауыттың құрылысы жүріп жатыр. Аудан әкімі Арман Абдуллаев құрылыс нысанына арнайы барып, зауыттың қазіргі жай-күйімен танысып қайтты.
Бүгінде зауыт ғимаратының кірпішін қалау жұмыстары мен инфрақұрылым тарту шаралары жүргізілуде. Зауыт үш цикл бойынша жұмыс істейді деп күтілуде. Мұнда күнбағыс майын өндірумен қатар, құнарлы мал азығын да шығару жоспарланған. Нысанды биылғы жылдың соңына дейін іске қосу көзделген. Жоба «Альбаракад 077» ЖШС инвестициясымен жүзеге асырылуда. Жалпы құны – 800 миллион теңге.
Айта кетсек, бұл жоба аудан экономикасын дамытуға серпін беріп, жаңа жұмыс орындарының қатары артпақ.
Ал кенді аймақ — Кентауда мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау мақсатында жаңа тігін цехы өз жұмысын бастады. Цехтың ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Нұрбол Көкенов арнайы қатысты.
Игі істің бастамашысы – «Ақниет» мүгедектер мен зағип жандардың қоғамдық қайырымдылық қорының төрағасы Дастан Орынбасаров. Ол «Қорған» мемлекеттік бірлестігінің грантын жеңіп алып, тігін цехына қажетті жабдықтарды сатып алған. Бүгінде цехта 8 мүмкіндігі шектеулі азаматша тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Цехта тек киімдер ғана емес, көрпе-жастық, қыз жасауы, перде сынды тұрмыстық бұйымдарға да тапсырыстар қабылданады. Қазіргі таңда жергілікті тұрғындардан сұраныс артып келеді.

Алдыңғы жаңалық

Мемлекеттік қызмет тиімді жүргізілуі тиіс

Келесі жаңалық

Түркістаннан - Абай еліне

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі