Астанадағы ауа райы болжамы
29 қаңтар
Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады: түнде 1–6 м/с, күндіз 5–10 м/с.
Ауа температурасы түнде –22…–24°, күндіз –8…–10°.
30 қаңтар
Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-батыстан 5–10 м/с.
Температура түнде –13…–15°, күндіз –8…–10°.
31 қаңтар
Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-батыстан 5–10 м/с.
Температура түнде –18…–20°, күндіз –8…–10°.
Алматыдағы ауа райы болжамы
29 қаңтар
Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-шығыстан 2–7 м/с.
Температура түнде –6…–8°, күндіз 0…–2°.
30 қаңтар
Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-шығыстан 2–7 м/с.
Температура түнде –6…–8°, күндіз 0…–2°.
31 қаңтар
Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел батыстан 2–7 м/с.
Температура түнде –5…–7°, күндіз 0…+2°.
Аяз бәсеңдейді
Бұған дейін синоптиктер алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігі кең антициклонның ықпалында болатынын хабарлаған. Осыған байланысты елдің көп бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Тек елдің батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, төменгі боран және көктайғақ күтіледі. Түркістан облысының таулы аймақтарында 31 қаңтар күні қатты жауын-шашын болжанады. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.
