aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Дүмпу

Аты — Боря: «шыңжырлаңған қасқыр» видеосы қазақстандықтарды алаңдатты

Абай облысының бір ауданында сырт келбеті қасқырға ұқсайтын жануар видеоға түсіп, әлеуметтік желілерде кеңінен тарады. Кадрларда жануардың ағашқа байланған шынжырда отырғаны көрінеді. Оқиға тұрғындардың алаңдаушылығын тудырып, олар жануардың қоршаусыз ұсталуын қауіпті деп бағалап, тексеру жүргізуді сұрады.

11 февраля, 2026
in Дүмпу, Жаңалықтар
0
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Не белгілі?

Әлеуметтік желілерде тараған видео Абай облысына қарасты Таскескен кентінде түсірілгені айтылуда. Бейнежазбада ірі, жыртқышқа ұқсас жануар ағаштың жанында жатыр. Шынжыр жуан ағаш діңін айналып өткен, алайда оның нақты қай жерге бекітілгені көрінбейді. Айналасында вольер немесе қоршау жоқ.

https://vt.tiktok.com/ZSmLRmeW8/

Видеоға жазылған пікірде жануардың талапқа сай емес жағдайда ұсталып отырғаны, бұл айналадағы адамдар үшін қауіп төндіруі мүмкін екені айтылып, Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзылуы ықтимал деген күдікпен уәкілетті органдардан тексеру жүргізу сұралған.

Тексеру нәтижесі

Абай облысының полиция департаменті ақпаратты тексеріп, қызметкерлер Уржар ауданына қарасты алыс елді мекен — Қаракөл ауылына (қыстау «Бірінші ферма») шыққан. Жолдың қиындығына байланысты олар оқиға орнына қарда жүретін техникамен жеткен.

Полицияның мәліметінше, видеодағы жануар — қасқыр мен хаски тұқымының буданы, аты — Боря. Ол мамыр айында бір жасқа толады. Жануар отбасының қолында өсіп жатыр және иесіне мал бағуға көмектеседі. Тексеру барысында оған қатыгездік көрсетілгені анықталмаған, ал ұсталуы қолданыстағы талаптарға сай деп танылған.

Құқық қорғау органдары жануар иесінің Боряға жақындаған сәті түсірілген видеоны да жариялады. Онда иттің агрессия танытпайтыны байқалады. Жанында жүрген басқа иттер де одан қорықпайды.

Полиция өкілдері еске салды: егер жануарларға қатыгездік көрсету деректері байқалса, азаматтар дереу 102 нөмірі арқылы полицияға хабарлауы тиіс.

Бұған дейін

Семей қаласында да ерекше жағдай тіркелген. Қала тұрғыны үйінің ауласынан мойнында қарғыбауы бар елікті байқап, полицияға хабарлаған. Жануардың жағдайы қанағаттанарлық болған, адамдардан үрікпеген. Мамандар еліктің бұрын адам қолында болғанын және табиғи ортада өздігінен өмір сүре алмайтынын анықтады. Соның нәтижесінде жануар Семей қаласындағы биологиялық орталыққа тапсырылып, бақылауға алынды.

Алдыңғы жаңалық

Жаңа Конституция жобасы референдумға шығаруға дайын — Конституциялық комиссия

Келесі жаңалық

Тұрақтағы жанжал және бүлінген көлік: Астана полициясы видеоны түсіндірді - деп хабарлайды Aggregator.kz Tengrinews баспанасына сілтеме жасай отырып

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі