Алғашқы мәліметті құқық қорғаушы Ляззат Ракишева әлеуметтік желіде жариялаған. Оның айтуынша, қорларына Шымкент тұрғыны жүгініп, ұлына қатысты жыныстық зорлық жасалғанын мәлімдеген.
Анасының сөзінше, ол перзентханада болған кезде 9 жастағы ұлын туыстарына уақытша қарауға қалдырған. Сол уақыт аралығында жақын туыстарының бірі бірнеше күн қатарынан балаға зорлық көрсеткен. Кейінірек дәл осы адамның тағы бір туысының баласына да бірнеше күн бойы осындай әрекет жасағаны анықталған.
Қазіргі таңда ата-аналар полицияға ресми түрде арыз түсірген. Балалар әділдік талап етіп, кінәлі адамның жазаланғанын қалайды. Сонымен қатар, күдікті адамның бұған дейін алаяқтық үшін сотталғаны айтылуда.
Шымкент қалалық полиция департаментінің мәліметінше, кәмелетке толмаған балаға қатысты зорлық әрекеттері туралы арыз негізінде қылмыстық іс тіркелген. Тергеу барысында бұл оқиға 2021 жылы болғаны анықталған.
Қазір іс бойынша куәгерлерден жауап алынып, қажетті материалдар жиналып, жан-жақты тергеу амалдары жүргізілуде

