aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

28 апреля, 2026
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

Түркістан облысында фитосанитариялық ахуалды тұрақтандыру және ауыл шаруашылығы алқаптарын зиянкестерден қорғау бағытында жүйелі әрі кешенді жұмыстар жүргізілуде. Биыл көктемгі маусымның ерте басталуына байланысты шегіртке дернәсілдерінің шығу мерзімі де жеделдеп, бақылау шаралары күшейтілді. Болжам орталығының мәліметіне сәйкес, бүгінгі күнге дейін марокколық шегірткеге қарсы 546 451 гектар жер зерттеліп, оның 176 473 гектарында зиянкестің таралу деңгейі экономикалық зияндылық шегінен асқаны анықталған. Бұл көрсеткіштер өңірде фитосанитариялық қауіптің жоғары екенін аңғартады.

Қазіргі таңда шегіртке ошақтары анықталған 7 ауданда тұрақты мониторинг жүргізілуде. Әсіресе, Ордабасы, Шардара, Бәйдібек, Сауран және Қазығұрт аудандарында химиялық өңдеу, механикалық жою және алдын алу шаралары қатар атқарылуда. Мамандардың айтуынша, дер кезінде жүргізілген өңдеу жұмыстары өнім шығынын азайтып, егіс алқаптарының сақталуына мүмкіндік береді.

Осы жұмыстарды үйлестіру мақсатында облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтың төрағалығымен арнайы мәжіліс өтті. Жиынға Сарыағаш, Жетісай, Арыс және Келес аудандарының әкімдері мен сала мамандары қатысып, нақты тапсырмалар талқыланды. Баяндамаларға сәйкес, Арыс қаласы аумағында аса қауіпті ошақтар тіркелмегенімен, 11 сектор тұрақты бақылауда тұр. Ал 6 сектордың қауіптілік деңгейі төмен деп бағаланған.

Келес ауданында 6 сектор бойынша жұмысты күшейту қажеттігі айтылып, қосымша техника мен мамандар тарту мәселесі көтерілді. Сонымен қатар 13 секторда химиялық өңдеу жұмыстары бекітілген жоспарға сай жүргізілуде. Сарыағаш ауданында зерттелген 111 200 гектардың 46 720 гектарында үйірлі шегіртке таралуы жоғары деңгейде екені анықталған. Осыған байланысты 22-секторға қосымша күш пен құралдар бөлу ұсынылды. Қалған 17 секторда жағдай тұрақты бақылауда.

Жиында қаралған маңызды мәселелердің бірі – экологиялық талаптарды сақтау. Атап айтқанда, көмірмен жылытылатын жылыжайлардың түтін шығару жүйелеріне арнайы сүзгілер орнату қажеттігі көтерілді. Бұл бағытта арнайы жұмыс тобы құрылып, оның құрамына аудан әкімдігі, жылыжай қауымдастығы және қоғам белсенділері енгізілді. Қазіргі уақытта сүзгілердің бірнеше түрі сынақтан өткізіліп, олардың тиімділігі мен қоршаған ортаға әсері бағалануда.

Сонымен қатар су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Су үнемдеу технологияларын енгізу барысында туындаған қиындықтар талқыланып, тамшылатып суару, жаңбырлатып суару жүйелерін кеңінен енгізу қажеттігі айтылды. Бұл өз кезегінде егіс өнімділігін арттырып қана қоймай, су тапшылығының алдын алуға мүмкіндік береді.

Мамандардың пікірінше, шегірткеге қарсы күресте тек химиялық өңдеу ғана емес, алдын алу шаралары да маңызды. Атап айтқанда, жерді уақытылы жырту, арамшөптерді жою, биологиялық әдістерді қолдану сияқты кешенді тәсілдер тиімді нәтиже береді.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАНДА ИСЛАМ ИНСТИТУТЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ТҮЛЕКТЕРІНЕ КУӘЛІК ТАБЫСТАЛДЫ

Келесі жаңалық

ЕЛІМІЗДЕГІ ЕҢ ІРІ ӨНЕРКӘСІПТІК ЖЫЛЫЖАЙ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі